Көлік прокуратурасы Қазақстандағы әуе қатынасының қауіпсіздігіне алаңдап отыр

АСТАНА. KAZINFORM — Бас көлік прокуратурасы Қазақстандағы әуе сапарларының қауіпсіздігіне талдау жүргізіп жатқанын мәлім етті.

ұшақ
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

— Бас көлік прокуратурасы Қазақстандағы ұшулардың (әуе сапарларының) қауіпсіздігіне талдау жүргізіп жатыр. Осы жұмыс аясында Көлік министрлігіне тиісті сауал жіберілді. Алайда ол сауалдардың бір бөлігіне толық әрі тиісті деңгейде жауап түскен жоқ. Ол жауап ахуалды объективті бағалау үшін керек болатын, — деп жазады құзырлы органның баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша Бас көлік прокуратурасы 30 шілдеде министрлікке қайта сауал жолдаған.

— Бұл жерде сауал ақпараттық-түсіндіру сипатта екенін, лауазымды тұлғалардың жауапкершілі туралы мәселелерді қамтымағанын айту керек.

Қызметтегі қажеттілік аясында тиісті бағыттарға жетекшілік ететін басқарушы қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары сұратылды. Министрдің лауазымдық міндеттерімен байланысты ақпарат сұратқан жоқпыз, — деп жазылған ресми мәліметте.

Айта кетейік, кеше Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысы кеңесшісінің үстінен тексеру жүріп жатқанын мәлім етті

Соңғы жаңалықтар