Колледж студенттеріне 11 жаңа жатақхана салынады

жатақхана
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Техникалық және кәсіптік білім департаментінің ақпараты бойынша биыл колледж студенттері үшін 2,6 мыңнан астам төсек-орынға арналған тағы 11 жаңа жатақхана ашу жоспарланған. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті. 

 

Бұл шаралар оқытудың табысты процесін қамтамасыз ету әрі техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға бағытталып отыр. 
«Колледж студенттерінің өмір сүру жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылады. Өткен жылы ғана еліміздің тоғыз өңірінде 2,5 мыңнан астам орындық 13 жатақхана ашылды. Біз бұл жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Биыл Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тағы 11 жаңа жатақхана іске қосылады. Қазіргі таңда олардың құрылысына инвесторлар тартылып жатыр», - деп атап өтті департамент директоры Әсет Мұханбетов.

Қазір Қазақстандағы колледж студенттерінің 87%-дан астамы жатақханада тұру мүмкіндігіне ие.

Соңғы жаңалықтар