Колледждерде оқу қашаннан бастап тегін болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін барлық талапкерлер үшін колледждерде білім алу тегін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
None
None

Ведомство дерегінше, қазіргі таңда еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 490 мыңға жуық студент білім алады. Оның ішінде 300 мың студент тегін оқиды.

«Биылғы жылы Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік тапсырыс көлемі 45 мың орынға ұлғайтылды. Сондай-ақ, колледждерге тағы 120 мыңнан астам талапкер мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылданады. Білім беру гранттарының басым бөлігі IT, құрылыс, инженерия, металлургия сияқты техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Жалпы «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін барлық ниет білдірген талапкерлерді тегін біліммен қамту жоспарланып отыр», - деп жауап берді құзырлы органның баспасөз қызметі тілші сауалына орай.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов колледждегі орынбасарлар санын қысқартуды ұсынған болатын.


Соңғы жаңалықтар