Колледждердiң жартысына жуығы аттестаттаудан өте алмады - ҚР БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылы 178 техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары арасында жүргiзiлген аттестаттау жұмыстары кезiнде колледждердiң 73-i (41 пайызы) құлаған.
None
None

Бұл туралы "ҚазАқпарат" тiлшiсiнiң ресми сауалына берген жауабында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi хабарлады.

Министрлiктiң мәлiм еткенiндей, олардың оқыту стандарттары талапқа сай келмеген, студенттер де сынақтан өте алмаған. Оларға қатысты 78 әкiмшiлiк iс қозғалды, нәтижесiнде 4033 АЕК көлемiнде айыппұл салынып, лицензиялары уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар 273 колледжге тексерiстер жүргiзiлдi. Олардың 134-iнде (49 пайызында) заң бұзушылықтар анықталды.

Қазiргi уақытта елiмiзде 849 колледж қызмет жасайды. Соның iшiнде 472 (55,6%) мемлекеттiк және 377 (44,4%) - жекеменшiк.

"ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi жұмыс берушiлер арасында сауалнама жүргiзген жоқ, сол себептi техникалық және кәсiптiк бiлiм беру мекемелерiнiң отандық мамандарды даярлау сапасына қатысты қандай да бiр баға жасалмаған. Дегенмен болашақта Қазақстан кәсiпкерлерi ұлттық палатасымен бiрлесiп, осындай зерттеулердi жүргiзу жөнiнде талқылаулар жүруде", - деп жазады ведомство.

Бiлiм министрлiгi жiберген ақпаратқа сәйкес, жұмыс берушiлер колледждердегi жас мамандарды даярлауға қатысып келедi. Дуальдi оқыту жүйесiн, сонымен қатар оқыту бағдарламасын енгiзуге де өз үлестерiн қосуда.

Соңғы жаңалықтар