Көлсай көлдері ұлттық паркінде қызыл кітапқа енген қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген қар барысы (Panthera uncia) тіркелді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті.

Көлсай көлдері ұлттық паркінде қызыл кітапқа енген қар барысыфототұзаққа түсіп қалды
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

— Бұл ерекше кадрлар ұзақ мерзімге орнатылған фототұзақтың көмегімен алынды. Бейнематериалдардан барыстың өз аумағын жүйелі түрде шолып жүретіні байқалады. Бақылау нәтижелері бойынша, ол бұл аумақта шамамен төрт ай бойы тіршілік еткен. Алынған деректер осы сирек жыртқыштың мекендеу ортасы мен мінез-құлқын зерттеу үшін аса құнды ғылыми материал болып табылады, — деп жазды комитеттен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін әрі жасырын өмір салтын ұстанатын жыртқыш – қар барысы (ирбис) фототұзаққа түсіп қалған еді.

Сондай-ақ Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында қар барысы фототұзаққа түскен болатын. 

Соңғы жаңалықтар