Көлсайда аю қонжығымен бірге камераға түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде аю мен қонжығының табиғи ортадағы көрінісі камераға жазылып алынды. Сирек кездесетін сәт жануарлар дүниесіне бай қорық аумағындағы Жымбы сайында тіркелген.

Көлсайда аю қонжығымен бірге камераға түсіп қалды
Видеодан алынған скрин

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Күрметі орманшылығы аумағындағы Жымбы сайындағы қорымнан орманшы көмекшісі аю мен оның қонжығын байқап, ерекше сәтті бейнетаспаға түсіріп алды.

— Табиғаттың тамаша көрінісі ұлттық парк аумағындағы жануарлар дүниесінің байлығын тағы бір мәрте айғақтай түсті, — деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен.

Айта кетейік, бұған дейін Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аға ғылыми қызметкері Қазақстанның Қызыл кітабына енген жыртқыш аң — қарақұлақты суретке түсіріп алған еді.