Көлсайда ілбіс фототұзаққа түсіп қалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы облысында ілбіс (қар барысы) фототұзаққа түсіп қалды.

Көлсайда ілбіс фототұзаққа түсіп қалды
Фото: Видеодан алынған скрин

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған бейнетұзақтардың біріне ҚР Қызыл кітабына енгізілген қар барысы тағы да байқалды.

– Бұл сирек кездесетін бейнежазба — қар барысының ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлады «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен. 

Еске салайық, аталған жыртқыштар былтыр қазан айында да бой көрсеткен болатын.

Айта кетейік,Қазақстан аумағында тіршілік ететін ілбістердің саны жылына 5-6 басқа көбейіп келеді. 

Соңғы жаңалықтар