Қолтырауын өз «бауырласын» жеп қойды (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл оқиға АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қорығында орын алды. Мұнда демалушылар жергілікті мекендеушілердің бірінің қаталдықпен тамақтануын байқап қалды.

Қолтырауын өз «бауырласын» жеп қойды (ВИДЕО)

Аллигатор өзінен көлемі кішірегін қылғытып салды.

Аллигаторлардың ешқандай азықтан бас тартпайтыны белгілі: олар балықты да, тасбақаларды да, сүтқоректі хайуандар және басқа рептилиялармен қоректенеді. Кейде тіпті өзінен кішілерін де жейді, әдетте бұл жас және ірі емес қолтырауындар.