Колумбия Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді

АСТАНА. KAZINFORM –Колумбия президенті Густаво Петро Богота бейсенбі күні Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтататынын мәлімдеді. Ол Израиль армиясының Газадағы әрекеттерін Палестина халқының геноциді деп атады, деп жазады ВВС.

Президент Колумбии
Фото: @infopresidencia

Бұған дейін Колумбия Израильден қару сатып алуды тоқтатқан болатын.

«Ертең (бейсенбі) Израиль мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастар үзіледі... өйткені олардың үкіметі мен президенті геноцид жасауда», - деді Петр Боготадағы 1 мамыр шеруінде.

Колумбия президенті бұған дейін 7 қазанда Израильге шабуыл жасаған ХАМАС тобына қарсы соғысты бірнеше рет қатаң сынға алған болатын.

«Егер Палестина құрыса, адамзат та құриды», - деді Петр Палестинаны қолдайтын плакаттар ұстаған көпшілік алдында.

Израиль билігі Петроның сөздерін антисемиттік және өшпенділік тудыратын сөздер деп атап, Колумбия президентінің ұстанымы ХАМАС-ты жақтауға парапар деп санайды.

«Тарих Густаво Петроның сәбилерді өртеген, балаларды өлтірген, әйелдерді зорлаған және жазықсыз бейбіт тұрғындарды ұрлаған адамзатқа белгілі ең жиіркенішті құбыжықтармен бірге болуды шешкенін ұмытпайды», - деп жазды Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кац Х әлеуметтік желісінде.

Колумбияның Еврей қауымдастығының конфедерациясы екі ел арасындағы қарым-қатынастарды бауырластық деп атаған мәлімдеме жасап, «осы байланыстарды сақтауға, диалог үшін ашық арналарды қалдыруға» шақырды.

Радикалды Палестина тобы бұл оқиғаны өз тарапынан «жеңіс» деп атады.

Израиль 7 қазанда ХАМАС шабуылынан кейін Газада шабуыл жасады, онда 1200 израильдік қаза тауып, 250-ден астм адам кепілге алынды.

Содан бері Газадағы ХАМАС-тың бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 34 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, халықтың көпшілігі үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар