Колумбия президенті министрлер кабинеті мүшелерін отставкаға кетуін талап етті
АСТАНА. KAZINFORM — Колумбия президенті Густаво Петро жексенбіде X әлеуметтік платформасында ұлттық даму жоспарын толығымен жүзеге асыру күш-жігерінің бір бөлігі ретінде үкімет министрлерінің отставкаға кетуін талап ететінін жариялады.

Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады.
— Халық ұсынған бағдарламаға көбірек сәйкес болу үшін министрлер кабинетінде біршама өзгеріс болады, — деп түсіндірді президент.
Густаво Петроның айтуынша, бірқатар өзгеріс енгізіледі. Себебі өкілеттігі 2026 жылы аяқталатын оның әкімшілігі төрт жылдық мерзімі басында басталған бағдарламаны жүзеге асыруға толығымен жұмылдырылатын болады.
Өткен аптада болған жиында президент өз министрлерін тиімсіз жұмысы үшін сынға алды.
Қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғау министрі Сусана Мухамад, мәдениет министрі Хуан Давид Корреа және еңбек министрі Глория Инес Рамирес отставкаға кететінін жариялады.
Осыған дейін Колумбия президенті Густаво Петро тікелей эфирде өткен алты сағаттық үкімет отырысында заңдастырылған кокаинді «шарап сияқты» сатуға болатынын айтты.