Колумбия жағалауында күшті жер сілкінісі болды
АНКАРА. АНАДОЛЫ. ҚазАқпарат – Колумбия жағалауында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Монтерия қаласынан солтүстік-батысқа қарай 84 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 56 км.
Құрбан болғандар мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ.