Колумбияда БҰҰ қызметкерлеріне шабуыл жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарылғыш құрылғыны зиянсыз етуге талпынған Колумбиядағы БҰҰ-ының өкілдігі сарапшылар тобына шабуыл жасалғандығы туралы хабарламаны растады.
Халықаралық ұйым сайтының хабарлауынша, топ құрамында БҰҰ-ның екі бақылаушысы, Колумбия революциялық қарулы күштерінің бұрынғы жауынгерлері және полиция қызметкерлері болған.
Жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру былтыр Колумбия үкіметі мен революциялық қарулы күштер арасында жасалған бейбіт келісім аясында жүзеге асырылуда. Айта кетейік, ол жартығасырлық текетірестерге нүкте қойды.
Оқыс оқиға өткен демалыс күндері елдің оңтүстігінде болды. Шабуыл салдарынан топ мүшелерінің бірі жарақат алды. Басқа зардап шегушілер жоқ.
Колумбиядағы БҰҰ өкілдігі мәлімдемесінде аумақты соғыстан қалған жарылу қаупі бар заттардан тазартуға қатысушы ұйым қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Колумбия үкіметінің күш салуы жоғары бағаланған.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, оқиға жауапкершілігін ешкім өз мойнына алмаған.