Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды
АСТАНА. KAZINFORM — 14 желтоқсан күні Колумбияның солтүстігіндегі ауылдық жерде мектеп автобусы 80 метрлік жартастан құлап, салдарынан 17 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды. Бұл туралы жексенбі күні кешке жергілікті губернатор хабарлады, деп жазды Reuters агенттігі.
Антиокия департаментінің губернаторы Андрес Хулиан X әлеуметтік желісінде жариялаған хабарламасында оқушылар автобусының Кариб теңізі жағалауындағы Толу қаласынан Медельинге қарай бағыт алғанын және мектептегі сапардан кейін Антиокияның орта мектеп оқушыларын алып келе жатқанын мәлімдеді.
Губернатордың айтуынша, жексенбі күні кешкісін оқушылар жағажайда өздерінің мектеп бітіру кешін атап өткен.
«Бұл желтоқсан айындағы бүкіл еліміз үшін өте ауыр қайғылы жағдай болды», — деп жазды Андрес Хулиан X әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, бұғанй дейін Камбоджада автобус өзенге құлап, 13 адам қаза тапқан еді.