Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Колумбияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 300-ден асты

АСТАНА. KAZINFORM — Колумбиядағы жер сілкінісінен 304 адам қаза тауып, тағы 426 адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы елдегі табиғи апаттар қаупін басқару қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Колумбияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 300-ден асты
Фото: The Associated Press

Ведомствоның X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, 4548 адам жараланған, 426 адам хабар-ошарсыз кеткен, 356 адам құтқарылған.

Биліктің соңғы бағалауынша, жер сілкінісі салдарынан 29 554 үй қирап, 134 342 ғимарат зақымданған.

Бұған дейін 281 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

Табиғи апаттан келген материалдық шығын 30 трлн песоға (9,6 млрд доллар) бағаланып отыр. Бұл туралы Колумбия президенті Абелардо де ла Эсприэлья мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, алғашқы техникалық бағалау бойынша Чоко, Валье-дель-Каука, Рисаральда, Киндио және Кальдас департаменттеріндегі материалдық шығын шамамен 30 трлн песоны құрайды. Оның ішінде 24,5 трлн песо ғимараттарға, 5,5 трлн песо инфрақұрылымға тиесілі.

Эсприэлья абсолюттік көрсеткіш бойынша Чоко департаментіндегі шығын басқа өңірлермен салыстырғанда аз болғанымен, зілзаланың салыстырмалы әсері дәл осы өңірде ең жоғары екенін атап өтті.

Айта кетейік, магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі 10 тамызда Колумбияның батысындағы Чоко департаментінде орналасқан Сан-Хосе-дель-Пальмар қаласының маңында болды.