Колумбияның экс-президенті 12 жыл үйқамаққа алынды

АСТАНА. KAZINFORM — Колумбияның бұрынғы президенті Альваро Урибе куәгерлерге қысым көрсету және алаяқтық әрекеттері үшін 12 жыл үйқамаққа алынды, деп хабарлайды BBC.

 Альваро Урибе
Фото: Instagram

73 жастағы саясаткер ел тарихында қылмыс үшін сотталған алғашқы экс-президент атанды. Оған мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым және 578 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды.

Кінәсіз екенін айтып, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған Урибе Боготадағы сот отырысында үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл іс «демократиялық оппозицияның үнін өшіруге» бағытталған.

Альваро Урибе 2002 жылдан 2010 жылға дейін ел президенті болды және оған солшыл көтерілісшілерге қарсы күресте оңшыл қарулы топтармен байланыста болған деген айыптар тағылған, алайда ол мұны үзілді-кесілді жоққа шығарады. Соған қарамастан, ол әлі де Колумбияда танымал саясаткер болып қала береді.

Бұрынғы президент шамамен 13 жылға созылған тергеу барысында куәгерлерге қысым көрсетуге қатысты екі бап бойынша кінәлі деп танылды.

Соңғы жаңалықтар