Колумбияның экс-президентіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. KAZINFORM – Колумбияның экс-президенті Альваро Урибе 29 шілдеде соттта куәгерге қысым жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Богота соты экс-президенттің түрмеде отырған бұрынғы сарбазды жалған куәлік беруге итермелегенін анықтады, деп хабарлайды DW. 

Колумбияның экс-президентіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: DW

Урибе Колумбияны 2002–2010 жылдар аралығында басқарған.

Соттың мәлімдеуінше, экс-президент әскери топтармен байланысы туралы тергеуде бұрынғы милитарист Джуан Гильермо Монсалвені өзіне қарсы куәлік бермеуге мәжбүрлеген. 

Бұл Колумбия тарихындағы алғашқы жайт болып отыр. Бұрын-соңды экс-президентке қылмыс жасағаны үшін айып тағылмаған. Урибе 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Колумбияның экс-президентіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: DW

Оқиға қалай басталған?

Қылмыстық іс 2012 жылы консервативті саясаткер Урибе солшыл сенатор Иван Чепеданы заңсыз қарулы топтармен байланысы бар деп айыптаған кезде басталды. Алайда Жоғарғы сот Чепеданы емес, Урибенің өзін тергеуге шешім қабылдады.

Ресми тергеу 2018 жылы басталып, 2019 жылы мыңдаған адам Богота мен Меделлинде Урибеге қарсы қылмыстық істің ашылуына қарсы демонстрацияға шықты.
Дегенмен, іс биыл, 2024 жылы қайта ашылды. Бұл Луз Камаргоны президент Густаво Петро (Колумбия тарихындағы бірінші солшыл президент) бас прокурор етіп тағайындағаннан кейін болды. Петроның өзі бұрынғы партизан және Урибенің саяси қарсыласы екенін айта кетейік.

Урибенің өткені мен беделі

Альваро Урибе Колумбиядағы ұзаққа созылған азаматтық соғыс кезінде билікте отырған. Ол солшыл FARC бүлікшілер тобына және есірткі картельдеріне қарсы қатал саясатымен танымал болды. Оның орнына президенттікке келген, бұрынғы одақтасы Хуан Мануэль Сантос 2016 жылы FARC -пен бітімгершілік келісімге қол қойды, Урибе мұны «сатқындық» деп бағалады.

Колумбияның экс-президентіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: DW

Экс-президент қазір де Колумбиядағы консерваторлар арасында танымал саясаткер саналады. Ол президент Петро үкіметінің қарулы топтармен бейбітшілік әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін позициясын күшейтіп алды. 

Альвароға қатысты басқа да ауыр тергеулер жүріп жатыр. Атап айтқанда, ол 1997 жылы Антиохия губернаторы болған кезде болған ауыл тұрғындарының қырғынына қатысты тергелуде. Сондай-ақ аргентиналықтар Урибе әскерилерінің 6 мың-нан астам бейбіт тұрғынды өлтіріп, жоғалып кетуіне себеп болғаны үшін шағымданған. Урибе өзіне қарсы тергеуді «саяси кек» деп атайды. 

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио сот үкімін сынап, Урибенің жалғыз қылмысы – елін қорғап, адал қызмет еткенін айтты. 

– Колумбияның сот жүйесін радикалды судьялардың қару ретінде пайдаланып жатқаны алаңдатады, - деді Рубио.

Еске сала кетейік, Колумбиядағы көшкін салдарынан мерт болғандар саны 22 адамға жетті. 

Соңғы жаңалықтар