Қолы қыстырылып қалған 7 жасар бала құтқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшісіне тамыздың 24-і күні Қызылорда стансасы Локомотив депосының ауласында адамды темір басып қалды деген хабар түсті.
None
None

Жасақ құтқарушылары төтенше жағдай орын алған жерге жедел жетіп, қаңылтыр темір қоршау қырындағы кесінді үшкіріне 7 жасар баланың алақаны кіріп кеткендігін көрген. Құтқарушылар тез арада «дискорезді» пайдаланып, темір қоршаудың бір бөлігін мұқият кесіп, баланы төменге түсірді. Жарақат алған бала жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар