Қолына қару алып мемлекетіміздің тұрақтылығына қарсы шығатындар біздің қоғамда болмауы керек - С. Елубай

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Н. Назарбаев Ақтөбе қаласындағы лаңкестік әрекеттерге қатысты арнайы мәлімдеме жасап, ертеңгі бейсембі - 9 маусым күнін Жалпыұлтық аза тұту күні деп жариялады. Осыған байланысты заманымыздың көрнекті жазушысы, сценарист Смағұл Елубай Елбасының экстремизм мен терроризмге қарсы заңдарды қайта қарап, бұл құбылысқа қатаң тойтарыс беру керектігі жайына айтқан ұсыныстарына қолдау көрсетіп, өз пікірін білдірді.

«Жер бетінде соғыс өрті әр жерде бас көтеріп жатқанын бәріміз де білеміз. Сол соғыс өртін Қазақстанға да тастамақ болған ұйымдардың бар екендігіне міне, көзіміз жетіп отыр. Қазақстан халқы сөз жоқ бейкүнә опат болған өзінің ұлдарын бүгін жоқтап отыр. Солардың қазасына қайғырып отыр.

Ендігі мақсат - бұдан кейін де бейкүнә жандар осындай адасқандардың қолынан опат болмауы үшін, біріншіден заңдық тұрғыдан осындай ұйымдарға тыйым салу керек! Яғни, қолына қару алып, мемлекетіміздің тұрақтылығына қарсы шығатындар біздің қоғамда болмауы керек», - деп сөзін түйіндеді С. Елубай. 

Соңғы жаңалықтар