Қолжетімділік пен сапа: Жезқазғанда заманауи гипермаркет бағаны тұрақтандыруға көмектеседі

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — 25 гектарға жуық алаңда 4 мыңнан аса тауар түрі шоғырланған. «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен ашылған заманауи «Жанұя» гипермаркеті Ұлытау өңірінде бағаның тұрақтануына ықпал етеді.

азық-түлік, гипермаркет, дүкен
Фото: Қазақмыс

Тура бір жыл бұрын Кеңгір ауылында «Жанұя» гипермаркеті ашылды. Сонымен қатар, үлкен сауда орталығының ашылуымен Жезқазған және Сәтпаев қалаларында 14 шағын маркет жұмыс істей бастады. Олардың басты мақсаты — өңір тұрғындарын қолжетімді бағамен сапалы тауарлармен қамтамасыз ету, сатып алуларға қолайлы жағдай жасау және сауда мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға үлес қосу.

азық-түлік, гипермаркет, дүкен
Фото: Қазақмыс

— Жобаны жүзеге асыруға 1 миллиард теңге инвестицияланды. Қаржыландыруды «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мен «Tau mart 8» ЖШС қамтамасыз етіп, әр тарап 500 миллион теңгеден салды. Бұл қаражат гипермаркет пен шағын маркеттер желісінің тиімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдайларды жасауға, бастапқы тауар қорын сатып алуға, үй-жайларды ішінара жөндеуге, жабдықтар орнатуға және аумақты абаттандыруға бағытталды, — дейді «Tau mart 8» ЖШС директоры Руслан Қамзин.

Гипермаркет ассортименті 25 000-нан астам тауар атауын қамтиды. Бұл жезқазғандықтарға өнім таңдауын кеңейтуге мүмкіндік береді.

азық-түлік, гипермаркет, дүкен, колбаса
Фото: Қазақмыс

Гипермаркет басшылығы сұранысты мұқият бақылап, тұтынушылардың артықшылықтарын үнемі талдап, өзгерістерге жедел ден қойып отырғанын атап өту қажет. Мұндай тәсіл жергілікті өндірушілердің өнімдерін қоса алғанда, өзекті және сұранысқа ие ассортиментті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және бағаны тұрақтандыру — гипермаркет қызметінің басым бағыттарының бірі.

азық-түлік, гипермаркет, дүкен
Фото: Қазақмыс

— «Жанұя» сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға белсенді қатысады. Өндірушілерден тікелей сатып алулар мен ашық баға саясатының арқасында біз қолжетімді бағаларды ұстап тұруға және халыққа баға жүктемесін төмендетуге ықпал етеміз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстеме баға 10%-дан аспайды, бұл өңірдегі бағаның тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді, — деп толықтырды Руслан Қамзин.

Өңірлік тауар өндірушілерден басқа гипермаркет басшылығы жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруға да баса назар аударады.

Бүгінгі таңда гипермаркет пен шағын маркеттер желісінде штаттық кесте бойынша 183 жұмыс орны қарастырылған. Басшылықтың айтуынша, сауда желісі тұрақты жұмыспен қамту, оқыту және мансаптық өсу үшін мүмкіндіктер туғыза отырып, жергілікті тұрғындарды басымдықпен жұмысқа орналастырады.

Осыған дейін Қазақмыс Балқаш көлін сақтау қорын іске қосатыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар