Команда көшбасшысы Әділбек Мусин Азия рекордын жаңартты

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының көбасшысы Әділбек Мусин Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды.

Су спорты
Фото: qaz_olympics

100 метрге баттерфляй әдісімен сынға түскен Әділбек Мусин 52.21 секунд уақыт көрсеткішімен Азия рекордын жаңартып, ел қоржынындағы алтын медальдар санын еселей түсті.

А тобы. Ерлер. 100 м. баттерфляй

1-орын Қазақстан - Әділбек Мусин — 52.21 сек.
2-орын – Өзбекстан - Елдор Усмонов — 53.14 сек.
3-орын – Иран - Мехршад Афгари — 53.49 сек.

А тобы. Әйелдер. 100 м. баттерфляй
1-орын – Қазақстан - Софья Сподаренко — 1:00.07
2-орын - Таиланд -Камончанок Кванмуанг — 1:00.62
3-орын – Таиланд -Напатсаван Жариткла — 1:01.55

В тобы. Ерлер. 100 м. баттерфляй
1-орын – Қазақстан - Максим Сказобцев — 52.71
2-орын – Таиланд - Сурасит Зонгдеанг — 53.76
3-орын - Гонконг - Кин Хэй Джеймс Лау — 54.81.

Сонымен қатар В тобында 50 метрге еркін әдіспен жүзуден әйелдер арасында қазақстандық София Абубакирова алтын медаль жеңіп алса, ерлер арасында Даниил Черепанов күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, аталған Сарықұрлық додасының ашылу салтанатында еліміздің туын Әділбек Мусин алып шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар