Комбайнды айдап кетіп, екі жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларустағы Ивацевический ауданының тұрғыны астық жинайтын комбайнды айдап кеткені үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Комбайнды айдап кетіп, екі жылға сотталды

 Сондай-ақ ол 2,3 мың Br көлемінде айыппұл төлейді, деп мәлім етті Брест облысының прокуратурасы БЕЛТА агенттігіне.

Шілде айының соңында жеке кәсіпорын жұмысшысы мас күйде астық жинайтын комбайнды айдап кеткен. Мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жолын бөгегендіктен, ол алысқа ұзай қойған жоқ.

Ивацевический аудандық сотының үкімімен бұзақы жол жүру ережесін бұзып, көлік құралын заңсыз басқарғаны, сондай-ақ, жазаны орындаудан жалтарғаны үшін (бұған дейін жүргізу құқығынан айырылған) кінәлі деп танылды.  Оған қатысты түзеу мекемесіне жіберместен, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.