Комиссия Ойыл ауданында су тасқыны кезінде келтірілген залалды бағалауға кірісті

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Комиссия Ойыл ауданында су тасқыны кезінде келтірілген залалды бағалауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Қазіргі кезде көктемгі су тасқыны кезінде келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия Ойыл ауданының Қаратал ауылындағы үйлер мен аула аумақтарын тексеріп жатыр.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, елдімекенде 5 үй мен 25 аула су астында қалған», - деп жазды ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, өңір басшылығы Қобда ауданы Қобда ауылында және Ойыл ауданы Қаратал ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсету бойынша барлық шараларды қабылдауда.

Облыс аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда: 14-19 наурыз аралығында 475 036 текше метр еріген қар суы сорылды, 29 333 дана қап төселді, ұзындығы 3600 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, 14 637 текше метр инертті материал әкелінді, ұзындығы 325 метр уақытша бөгет салынды, 593 550 мың текше метр қар шығарылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram