Комиссия ШҚО-дағы табиғи апат келтірген шығындарды анықтауда

ӨСКЕМЕН. 3 шілде. ҚазАқпарат - Көкпекті ауданында 30 м/с жылдамдықпен соққан жел мен найғазайдың салдарынан ағаштар сынып, электр өткізу жүйесінің қосыны істен шықты.
None
None

Самар ауылының 1300-ден астам тұтынушысы жарықсыз отыр. Ауыл тұрғындары көшелерді сынған ағаштардан тазартуда. Электр өткізу қосынын қайтадан іске қосу үшін 2 энергетиктер бригадасы жұмылып, жұмыс істеуде. Аудандық комиссия келтірілген материалдық шығынды анықтап жатыр.

 4 күн бойы өңірде найзағай аралыс жаңбыр жауып, екпінді жел соғуда. Облыстың көптеген қалалары мен аудандарында күшті жел ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті, ағаштар сынды.

 Синоптиктердің болжамы бойынша, осындай ауа райы әлі де бірнеше күнге созылады. Алдағы тәуліктерде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді, найғазай ойнап, бірнеше аудандарда бұршақ жаууы ықтимал. Түнде ауа температурасы 10-15 градус жылылықты құрайды. Күндіз ауа бағамы 20-23 градусты көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар