Коммуналдық қызмет: Бірыңғай төлем құжаты жыл соңына дейін ауылға жетеді
АСТАНА. KAZINFORM – Жыл соңына дейін елімізде коммуналдық қызмет бойынша бірыңғай төлем құжатын ауылдарда қолдану жоспарланып отыр.

– Коммуналдық қызмет бойынша бірыңғай төлем құжатын ауыл деңгейінде кеңейту биыл IV тоқсанның соңына дейін аяқтау деп жоспарда бар. Бұл еліміз бойынша коммуналдық төлем бойынша ақпараттық асимметрияны жоюға мүмкіндік береді. Өйткені қазір бірыңғай төлем құжаты барлық ауылды және коммуналдық қызметті қамтымайды. Қазір коммуналдық қызметті реинжинирингтеу жұмыстары жүріп жатыр, – деді Жәннат Дүбірова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ вице-министр биыл IV тоқсанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бірыңғай платформасын пилоттық режимде іске қосу жоспарланып отыр. Ол келесі модульдерді қамтиды:
- Абоненттердің бірыңғай базасы;
- Бірыңғай төлем құжаты;
- Цифрландырылған коммуналдық қызмет;
- Коммуналдық инфрақұрылым мен тұрғын үй қорының базасы;
- Аналитикалық модуль.
Айта кетсек, агенттік тілшісі бірыңғай төлем құжаты не үшін қажет және кімге тиімді деген тақырыпқа шолу жасаған еді.