Компаниядан қомақты қаржы жымқырған қазақстандық Дубайда ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM — 2022 жылы Алматы қаласындағы жеке меншік компаниялардың бірінен 947 миллион теңге жымқырған күдікті Дубайда бой таслап жүрген жерінен қолға түсті. Бұл туралы ҚР ІІМ мәлім етті.
— Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды. 2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін адам өліміне қатысты қылмысқа күдікті Ресейден экстрадицияланғанын жазған болатынбыз.