Көмірқышқыл газбен уланудың қалай алдын алуға болады

улану
Фото: Pexels

Қыс айларында азаматтар тұрғын үй секторында пешті пайдалануға мән береді. Кейбір сәтте олардың тарапынан көмірқышқыл және табиғи газбен улану жағдайы кездеседі. Одан сақтану жағдайы қандай? Осы орайда Kazinform Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ММ бастығы Әбділда Сәрсенбайұлы Баякеевты әңгімеге тартқан еді.

Жыл бойы азаматтық қорғаныс қызметкерлері тұрғын үй секторында профилактикалық іс-шараларын жүргізеді. Өрт қауіпсіздік ережесін сақтау жөнінде халыққа түсіндіру - әрбір құтқарушының негізгі міндеті.

«Тұрғындар тарапынан қауіпсіздік ережесін сақтамау қайғылы өлімге алып келетінін естен шығармайық. Көмірқышқыл және табиғи газбен улану адам денсаулығына зиян келтіреді. Көмірқышқыл газымен уланудың алдын қалай алуға болады? Негізгі қауіпсіздік ережесі ретінде тұрғындар тек жарамды жабдықты пайдалануға назар аударғаны дұрыс. Пештегі жарықтар, бітелген түтін мұржасы және ұсақ кемшіліктер ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін», - деді Әбділда Баякеев.

Оның айтуынша, бөлмені жақсы желдетуді қамтамасыз ету керек. Желдету жеткіліксіз болғандықтан, тіпті қауіпсіз құрылғылар да кейде қайғылы жағдайларды тудыруы мүмкін.

«Көмір қышқыл газ - иісі жоқ тілсіз жау. Кез-келген автокөлік иесі барлық қауіпсіздік шарасына байсалды болу міндетті. Автокөліктің мінсіз күйде болса да, жұмыс істемейтін қозғалтқышы бар автокөлікте ұйықтауға және демалуға қатаң тыйым салынады. Қозғалтқышты жабық үй-жайда, гаражда қолдануға негіз жоқ. Көмірқышқыл газ гаражда, автокөлік салонда жиналады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау сіздің өміріңізді және жақын адамдарыңызды сақтайды», - деп толықтырды ол.

Еске салсақ, бұдан бұрын балық аулауда қандай қауіпсіздік шараларын ескеру керектігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram