Алматыда «әлеуметтік эксперимент» жасаған блогер 10 күнге қамалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәліметінше, Т. «әлеуметтік эксперимент» жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамдық орынды ластаған және айналасындағы адамдарға құрметсіздік танытып, дөрекі мінез-құлық көрсеткен. Барлық әреке бейнежазбаға түсіріліп, кейін әлеуметтік желілерде жарияланған.
— Сот отырысында Т. кінәсін мойындады және іс материалдарында көрсетілген деректерді растады. Сот қаулысымен Т. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды, — деп хабарлады Алматы соты.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Алматы сотында Мұқағалиге сөз тигізген блогерге қатысты іс тоқтатылғанын жазғанбыз.