19:25, 22 Ақпан 2024 | GMT +5
Қонаев қаласында аға прокурор ұсталды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокуроры ұсталды.

Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында тарады.
«Осы жылдың 12 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті мен Бас прокуратураның жеке қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шаралары аясында Қ.Сонабаевтың Қонаев қаласында ұсталу фактісін растаймыз»,-деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ведомстводан ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметтері жария етуге жатпайды»,- делінген хабарламада.