Қонаев қаласының жалғыз ардагері 104 жасында өмірден өтті

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Соғыс жылдары медбике болған ҰОС ардагері Оксана Бетебаева өмірден озды.

ҰОС ардагері
Фото: Қонаев әкімдігі

Қонаев әкімдігінің мәліметінше, Оксана Бетебаева көзі тірі Қонаев қаласындағы жалғыз ҰОС ардагері еді. Ол 1920 жылы 7 қазан дүниеге келген. Медициналық училищені тәмамдаған соң, 1941 жылы соғысқа шақырылып, госпитальде медбике қызметін атқарған. Ардагер ІІ дәрежелі ҰОС орденімен марапатталған.

Соғыстан кейін Оксана Бетебаева күйеуімен бірге 1948 жылы Берлинді қалпына келтіруге барған. Сол жерде ұлын босанады. 1949 жылы Панфилов ауданына көшіп келген. Сонда жолдасы мұғалім, Оксана медбике қызметін атқарған. Одан кейін Қонаевқа қоныс аударған.

Еске салайық, бұған дейін Президент ҰОС ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Соңғы жаңалықтар