Қонаевта құбыр жарылып, біраз үй жылу мен ыстық сусыз қалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласында № 2 шағын аудан тұрғындары ыстық су мен жылусыз отыр. Оған тұрғын үйлердің бірінде құбыр жарылуы себеп болған.

трактор
Фото: Қонаев әкімдігі

Қонаев әкімдігінің баспасөз қызметі 17:00–ге дейін жөндеу жұмыстары жүретінін хабарлады.

люк
Фото: Қонаев әкімдігі

— Қонаевта № 2 шағын аудандағы 2, 3, 7-тұрғын үйлерге жылу беретін құбыр жарылды. Қазіргі таңда жылу желісіндегі басты жабдық ауыстырылды. 1 сағат аралығында № 2 шағын ауданның 4, 5, 6, 6а, 6б, 38, 37, 36, 35, 34, 33, 32, 31, 29 тұрғын үйлеріне жылу беріледі. Ал жарылған құбырлар жөнделген соң, кешкі сағат 16.00-17.00 аралығында № 2 шағын аудандағы 2, 3, 7 үйлерге жылу беріледі. Аталған мәселе қала әкімінің бақылауында. Жылу орталығындағы 2 бу, 1 су жылытқыш қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр, — деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, бұған дейін Қонаев әкімдігі жылу желілерін уақтылы ауыстырмаған компанияны сотқа бергенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар