14:55, 05 Сәуір 2024 | GMT +5
Қонаевта масаларға қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары басталды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қонаев қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы анафелогенді су қоймаларында безгек масаларына қарсы өңдеудің 1-ші кезеңін бастады.
Басқарманың мәліметінше өңдеу үшін Қазақстанда рұқсат етілген дәрілік заттар қолданылып жатыр. Аталған іс-шара энтомологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Бұл бағыттағы шаралар алдын ала белгіленген жоспарға сәйкес өтеді.
Еске салсақ, Алматыда 1 сәуірден бастап орманды алқаптар, қала саябақтары мен скверлерде кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталғанын хабарлағанбыз.