Қонаевта рұқсат етілмеген жерде сауда жасағандар жауапқа тартылды
Қонаев қаласындағы 3-ші шағын ауданда белгіленбеген орында сауда жасағандар қала келбетін бұзып, көшені қоқыс алаңына айналдырған.

Бұл туралы қала әкімдігіне тұрғындар шағымданған болатын. Осыған орай, қаланың кәсіпкерлік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің мамандары полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, рейдке шықты, деп хабарлайды Kazinform.
«Рейдтің нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабына сәйкес 2 адамға, абаттандыру ережесін бұзу фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес 1 адамға айыппұл салынды», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімдік сондай-ақ мамандар тұрғындарға белгіленбеген жерде сауда жасауға болмайтынын айтып, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін хабарлады. Аталмыш шаралар ары қарай жалғасын табады.
