Қонаевтағы автовокзал жеке меншікке өтіп кеткен – мәселе тексеріледі

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қонаев қаласындағы жалғыз автобекет ғимараты бірнеше жыл бұрын жеке меншікке өтіп кеткен. Қазір бұл нысанда вокзалдан бөлек, мемлекеттік мекемелер де орналасқан.

Қонаев
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов автобекетті аралау барысында тиісті мамандарға ғимараттың қалайша жеке меншікке өтіп кеткенін және оның қаншалықты нысаналы мақсатта пайдаланып жатқанын тексеруді тапсырды.

Сондай-ақ әкімнің жұмыс сапары кезінде вокзал аумағындағы нашар жағдайға да назар аударылды. Жалпы автовокзал аумағында қоқыс жәшіктері толып, жақын маңдағы «Алматы-Қонаев» пойызы қатынайтын стансадағы аялдамалардың әйнегі сынған. Асхат Бердіханов абаттандыру ережесін бұзған азаматтарды тез анықтау үшін бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды.

Еске салайық, бұған дейін Қонаев қаласының тұрғындары автовокзалдың жазу алынып тасталғанына және жолаушыларға жағдай жасалмағанына шағымданған болатын. 

Соңғы жаңалықтар