Қонаевтағы балалар лагерінің директоры жұмыс орнында мас болып жүрген - Бас прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і уәкілетті органдардың рұқсатынсыз жұмыс істеген және оларда санитарлық-эпидемиологиялық, өртке қарсы ережелер бұзылған. Бұл туралы ҚазАқпарат Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.
None

Әрбір екінші балалар мекемесінің ойын және спорт алаңдарында қауіпсіздік талаптары сақталмағаны анықталды. Ескі жатын-орындары күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл ретте, 4 балаға арналған бөлмелерде іс жүзінде 8 немесе одан да көп адам орналастырылған.

Фото: t.me/GenPr

«Бәйтерек» (Қонаев қаласы) лагерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына қайшылық бар, балалардың демалысы мен білім алуы дұрыс ұйымдастырылмаған. Қапшағай су қоймасында балалардың суға түсуі кезінде қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген. Оның үстіне, осы лагерь директоры жұмыс орнында мас күйінде болған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 440-бабы).

Фото: t.me/GenPr

Тексеру қорытындылары бойынша балалар лагерлері әкімшілігінің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру (ҚК 140-бабының 2-бөлігі) басталды.

Фото: t.me/GenPr
Фото: t.me/GenPr

Соңғы жаңалықтар