07:53, 31 Тамыз 2014 | GMT +5
Қонақты қорлағанның ісі сотта қаралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық сотында үйне келген адамды қорлап, намысан тиген тұрғынға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды, деп хабарлады Бәйдібек аудандық сотының баспасөз қызметі.

Құқық бұзушы Қ.А. Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылындағы өз үйінде жәбірленушіні себепсізден себепсіз ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Балағаттап, қорлап тиісіп, жанұясының тыныштығын бұзған. Осыған байланысты іс сотта қаралды. Алайда, сот құқық бұзушы мен жәбірленушінің өзара татуласуына байланысты оны әкімшілік жауаптылықтан босатып, істі өндірістен қысқартты.