13:44, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
«Конденсат» «Шығысты» ұтқанымен, «Есілден» жеңіліп қалды
ОРАЛ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Алматы қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХІХ біріншілігінің үшінші турында Оралдың «Конденсаты» екі рет ұтылып, бір кездесуінде жеңіске жетті.
Қос турдан кейін бесінші орында келе жатқан оралдықтар бастапқыда көш бастаушылардың бірі Хромтаудың «ТНК Казхром» командасынан ұтылып, екінші кездесуінде үшінші орындағы Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысын» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал турнир кестесіндегі көршісі, төртінші орындағы «Есілмен» өткен кездесу 2:3 есебімен петропавлдықтардың пайдасына шешілді. Жалпы, тартысты өтіп жатқан бұл турда жеңілмеген команда қалған жоқ.
«Конденсат» енді «Атырау», «Алматы» командаларымен күш сынасады. Үшінші тур 16 ақпанда мәреге жетпек.