Конференция лигасы: «Ақтөбе» сырт алаңда «Сепси» командасымен тең түсті

Кездесу барысында алғашқы минуттан екі команданың да есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болған еді. Десе де ойыншылар өз мүмкіндігін мүлт жіберіп алып жатты.
Екінші кезеңде румыниялық клуб басымдығын арттыра түсті. Оған қазақстандық команда лайықты төтеп бере білді.
Екінші кезеңнің 65-минутында әріптесі Максим Самородовтың әуелете көтерген добын Элдер Сантана «Сепси» қақпасына соғып кетті. Оған румыниялық клубтан Роланд Варга 89-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Ақтөбелік команда Конференция лигасының екінші іріктеу сатысында Грузияның «Торпедо Кутаиси» клубын (4:1, 1:2) орта жолда қалдырды.
Аталған жұптағы жеңімпаз плей-офф сатысында «Будё-Глимт» (Норвегия) және «Пюник» (Армения) жұбының жеңімпазы қарсылас атанады.
Бұл жұпта алғашқы кездесуде «Будё-Глимт» 3:0 есебімен басым түсті.
Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында «Тобыл» Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» командасын сүріндірді.