Конференция лигасы: «Тобыл», «Ақтөбе», «Ордабасы» командалары қарымта ойын өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында «Тобыл», «Ақтөбе», «Ордабасы» қарымта ойындарын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алдымен елорда уақытымен 20:00-де қостанайлық «Тобыл» өз алаңында Швейцарияның «Базель» клубын қабылдайды.
Алғашқы кездесуде қостанайлық клуб қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.
Ал 22.00-де «Ақтөбе» өз алаңында Грузияның «Торпедо Кутаиси» клубымен кездеседі.
Бірінші ойында ақтөбелік клуб 4:1 есебімен басым түскен еді.
Сондай-ақ, 00.50-де шымкенттік «Ордабасы» Польшада жергілікті «Легиямен» шеберлік байқасады.
Бірінші ойында командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Барлық кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.