Конференция лигасында «Ақтөбе» «Торпедо Кутаиси» командасын ірі есеппен жеңді

Ақтөбелік клуб бұл жолы сырт алаңда Грузияның «Торпедо Кутаиси» командасымен кездесті.
Кездесу барысында қазақстандық клуб сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде 34-минутта «Ақтөбе» сапынан Әлібек Қасым пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Ал 43-минутта Милош Раичкович есепті үстемелесе. 73-минутта Максим Самородов басымдықты арттырды.
Ал «Торпедо Кутаиси» сапынан Георгий Арабидзе 89-минутта есеп айырмасын қысқартса, 93-минутта «Ақтөбе» сапынан Андрия Филиппович мергендік танытты.
Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.
Қарымта ойын 3 тамызда болады.
«Ақтөбе» жарыстың үшінші сатысына өткен жағдайда ЦСКА София (Болгария) және «Сепси» (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Дәл қазір «Базель» (Швейцария) мен «Тобыл» кездесуі өтіп жатыр. Ойынның 75-минутынан кейін қостанайлық клуб 3:1 есебімен жеңіп жатыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасында «Ордабасы» мен «Легия» тең түскен еді.