Конференция лигасы: «Астана» - «Челси» кездесуінде негізгі құрамда кімдер шығады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турындағы қазақстандық «Астана» және Англияның «Челси» кездесуінде алғашқы минуттан негізгі құрамда шығатын ойыншылар белгілі болды.
Кездесу қазақстандық уақытпен 20:20-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
«Астана»: Мұхаммеджан Сейсен (Қ) – Ян Вороговский, Бринимир Калаица, Александр Марочкин, Кипрас Кажуколовас, Карло Бартолец – Алекса Аманович, Макс Эбонг – Усман Камара, Марин Томасов, Чинеду Джеффри;
Қосалқы құрам: Йосип Чондрич (Қ), Александр Заруцкий (Қ) – Тимур Досмағамбетов, Абзал Бейсебеков, Марат Быстров – Назми Грипши, Эльхан Астанов, Барнс Осей, Исламбек Қуат – Ннамди Аханону, Нұралы Жақсылық, Рамазан Каримов, Станислав Басманов;
Бас бапкер: Григорий Бабаян.
«Челси»: Филип Йоргенсен (Қ) – Ренату Вейга, Аксель Дисаси, Тосин Адарабиойо, Джош Ачимпонг,– Сэмьюэл Рак-Саки, Кирнан Дьюзбери-Холл, Карни Чуквуэмека – Педру Нету, Тайрик Джордж, Марк Гиу;
Резерв: Лукас Бергстрем (Қ), Макс Меррик (Қ) – Ричард Олисе, Харрисон Мюррей-Кэмпбелл, Кайден Уилсон – Харви Вейл, Киано Дайер – Шумайра Мхеука, Ато Ампа.
Аталған ойында германиялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады. Бас төреші — Свен Яблонски. Оған отандастары — Лассе Кословски мен Марко Ахмюллер.
«Астана» өз алаңында сербиялық «ТСЦ Бачка-Топола» (1:0) командасын жеңсе, португалиялық «Виториямен» (1:1) тең түсті. Сырт алаңда Уэльстің «Нью-Сейнтс» (0:2), кипрлік «Пафос» (0:1) клубтарына есе жіберді.
Жалпы кезеңнің төрт турында бельгиялық «Гент» (4:2), грекиялық «Панатинаикос» (4:1), армениялық «Ноа» (8:0) және германиялық «Хайденхайм» (2:0) клубтарын қапы қалдырды.
Айта кетсек, Конференция лигасының плей-офф сатысына жалпы кезеңнің үздік 24 командасы жолдама алады.