Конференция лигасы: «Астана» «Лозаннаға» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елордалық «Астана» UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Швейцарияның «Лозанна» командасымен шеберлік байқасты.

Астаналық команданың бапкерлер штабы алғашқы минуттан Марин Томасов, Назми Грипши секілді негізгі құрам ойыншылар алаңға шығарды. Оған қоса бұдан бұрын негізгі қосалқы құрамда жүрген Мұхамеджан Сейсенге қақпа сеніп тапсырылды.
Алғашқы минуттан швейцариялық футболшылар тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Толассыз шабуыл ұйымдастырып, жылдам гол соғуға тырысты. Дегенмен оған «Астана» қорғаушылары лайықты тойтарыс беріп жатты.
Ойынның 24-минутында «Лозанна» сапынан Джейми Рош есеп ашса, 43-минутта Кали Сене есепті үстемелей түсті.
Екінші кезеңде швейцариялық клубтан Альбан Айдини 72-минутта мергендік танытса, 90-минутта «Астана» сапынан Иван Башич есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Қарымта ойын 14 тамызда елордада өтеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Астана» Молдованың «Зимбру» командасын (1:1, 2:0) жеңіп, үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.
«Астана» швейцариялық қарсыласын жеңген жағдайда плей-офф кезеңінде оларға «Сент-Патрикс Атлетик» (Ирландия) пен «Бешикташ» (Түркия) жұбының жеңімпазы қарсылас атанады. Ойындар 21 және 28 тамыз күндеріне белгілеген.
Айта кетсек, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» «Қайрат» футболдан UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде алғашқы ойында Словакияның «Слован» командасынан басым түсті.