Конференция лигасы: «Астана» «Лозаннаның» осал тұсын таба ала ма
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін елордалық «Астана» UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Швейцарияның «Лозанна» командасымен кездеседі.

Ойын қазақстандық уақытпен сағат 23:15-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қарымта ойын 14 тамызда «Астана -арена» стадионында өткізіледі.
«Лозанна» командасы 1896 жылы құрылған. Өз елінде жеті мәрте чемпион атағын жеңіп алды.
Швейцариялық клуб еурокубок ойындарын Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңін Солтүстік Македонияның «Вардар» клубын (5:0, 2:2) қапы қалдырды.
Ал «Астана» Молдованың «Зимбру» командасын (1:1, 2:0) жеңіп, үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.
«Астана» швейцариялық қарсыласын жеңген жағдайда плей-офф кезеңінде оларға «Сент-Патрикс Атлетик» (Ирландия) пен «Бешикташ» (Түркия) жұбының жеңімпазы қарсылас атанады. Ойындар 21 және 28 тамыз күндеріне белгілеген.
Айта кетсек, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» «Қайрат» футболдан UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде алғашқы ойында Словакияның «Слован» командасынан басым түсті.