Конференция лигасы: «Астана» және «Ақтөбе» екінші іріктеу кезеңін бастайды
АСТАНА. KAZINFORM - UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде бүгін қазақстандық «Астана» және «Ақтөбе» командасылары алғашқы ойындарын өткізеді.

Алдымен елордалық «Астана» өз алаңында Молдованың «Зимбру» командасын қабылдайды. Кездесу қазақстандық уақытпен 18:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
«Астана» Конференция лигасындағы ойынын бірден екінші іріктеу кезеңінен бастады.
«Зимбру» 1947 жылы құрылған. Өз елінде сегіз мәрте чемпион атанды. Соңғы рет мұндай атаққа 2000 жылы ие болды. Биыл олар Молдва чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ бүгін «Ақтөбе» өз алаңында Чехияның «Спарта» (Прага) командасымен шеберлік байқасады.
Кездесу қазақстандық уақытпен 20:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
«Ақтөбе» еурокубок ойындарын Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінен бастап, бұл жолы Польшаның «Легия» командасына (0:1, 0:1) есебімен жол берді.
«Спарта» футбол клубы 1893 жылы құрылған. Қазірге дейін өз елінде 35 мәрте чемпион атанып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» Финляндияның «КуПС» командасына есе жіберді.