Конференция лигасы: «Астана» және «Ордабасының» ықтимал қарсыластары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан қазақстандық «Астана» және «Ордабасы» командаларының UEFA Конференция лигасы іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды.

«Астана» және «Ордабасының» ықтимал қарсыластары анықталды
Фото: «Астана» футбол клубы

«Астана» футбол клубы жарысты УЕФА Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастайды. UEFA регламенті бойынша «Астана» еленген топқа түсті. Сондықтан елордалық клубқа бірінші кезеңнен өткен клубтардың біріқарсылас атануы ықтимал.

Ал «Ордабасы» футбол клубы алда өтетін УЕФА Конференция Лигасының бірінші іріктеу кезеңі бойынша еленген топқа түсті. Шымкенттік клуб Беларусьтің «Неман Гродно», Грузияның «Торпедо Кутаиси», «Петровац» (Черногория), «Пенибонт» (Уэльс) секілді клубтармен ойнауы әбден мүмкін.

Финал 2026 жылдың Германияның Лейпциг қаласындағы «Ред Булл Арена» стадионында өткізіледі. Жеңімпаз команда Еуропа лигасы топтық кезеңіне бірден жолдама алады. 

Сондай-ақ биыл еліміздің атынан алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасында бақ сынаса, «Ақтөбе» Еуропа лигасы ел намысын қорғайды.

Соңғы жаңалықтар