Конференция лигасы: «Астанаға» плей-офф кезеңінде «Бешикташ» қарсылас атануы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық «Астана» командасының футболдан UEFA Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды.

Конференция лигасы: «Астанаға» плей-офф кезеңінде «Бешикташ» қарсылас атануы мүмкін
Фото: «Астана» ФК

Қазақстандық клуб одан бұрын үшінші іріктеу кезеңінде 7 және 14 таамыз күндері Швейцарияның «Лозанна» командасымен шеберлік байқасады. Аталған қарсыласын жеңген жағдайда плей-офф кезеңінде оларға «Сент-Патрикс Атлетик» (Ирландия) пен «Бешикташ» (Түркия) жұбының жеңімпазы қарсылас атанады. Ойындар 21 және 28 тамыз күндеріне белгіленген.

Айта кетсек, «Бешикташ» клубы сапында 2023-2025 жылдары қазақстандық футболшы Бактиер Зайнутдинов ойын көрсетті.

Елордалық клуб екінші іріктеу кезеңінде Молдованың «Зимбру» командасын (1:1, 2:0) қапы қалдырды. 

Еске салсақ, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» командасының футболдан UEFA Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды. Олар үшінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Слован» (Братислава) клубын жеңген жағдайда шотландиялық «Селтик» командасымен кім мықтыны анықтайды. 

Ал «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түскен жағдайда швейцариялық «Янг Бойз» клубымен шеберлік байқасады. 

Соңғы жаңалықтар