Конференция лигасы: «Астана» үшінші іріктеу кезеңінде қай командамен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — UEFA Конференция лигасы «Астана» командасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды.

Қазақстандық команда енді 7 және 14 тамыз күндері Швейцарияның «Лозанна» клубымен шеберлік байқасады.
Аталған команда 1896 жылы құрылған. Өз елінде жеті мәрте чемпион атағын жеңіп алды.
Швейцариялық клуб еурокубок ойындарын Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңін Солтүстік Македонияның «Вардар» клубын (5:0, 2:2) қапы қалдырды.
Ал «Астана» Молдованың «Зимбру» командасын (1:1, 2:0) жеңіп, үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Сондай-ақ қазақстандық «Ақтөбе» екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» командасына (2:1, 0:4) есебімен жол берді.
Аталған турнирде шымкенттік «Ордабасы» футбол командасы UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) клубына (3:4, 1:1) есе жіберді.
Еске салсақ, алматылық «Қайрат» футбол командасы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның КуПС командасын (0:2, 3:0) жеңіп, жарыстың үшінші кезеңіне жолдама алды.