Конференция лигасы: Бүгін «Астана» «Корвинул» командасымен қарымта ойын өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Астана» Румынияның «Корвинул» командасымен қарымта ойын өткізеді. 

Футбол
Фото: ҚФФ

Кездесуі 14 тамызда Алматы қаласында жергілікті уақытпен 19:00-де басталып, «Ел Арна» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған ойында бас төреші міндеті Атилла Караоглан атқарады. Оған Джейхун Сесигюзел мен Абдулла Эзкара көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі – Чагдаш Алтай.

Екі команда арасындағы алғашқы ойында астаналық клуб қарсыласын 2:1 есебімен жеңген болатын.

«Астана» турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастап, алғашқы айналымда Молдованың «Милсами» клубын (1:0, 1:1) қапы қалдырды.

«Корвинул» командасы 1921 жылы құрылған. Қазірге дейін еурокубок ойындарында екінші мәрте бақ сынап отыр. Алдымен 1982 жылы УЕФА кубогында Австрияның «Грацер АК» командасын (3:0, 1:1) жеңіп, одан кейін Македонияның «Сараево» командасына (4:4, 0:4) жол берді. Биыл Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Венгрияның «Пакш» клубын (0:2, 4:0) тізе бүктірсе, одан кейін Хорватияның «Риека» клубынан (0:0, 0:1) жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар