Конференция лигасы: «Қайрат» екі турдан кейін нешінші орында тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Конференция лигасының 2026-27 жылғы маусымындағы жалпы кезеңнің екінші туры аяқталды, деп жазады Sports.kz.

«Қайрат» футбол клубы
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Екі турдың қорытындысы бойынша алматылық «Қайраттың» еншісінде бір ұпай бар. Команда турнир кестесінде 31-орында тұр. Одан төменде әзірге ұпай жинай алмаған 5 клуб орналасқан.

«Қайрат» Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчын сырт алаңда латвиялық «Ригаға» қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Алайда екінші турда өз алаңында грек клубы «Панатинаикосқа» 1:5 есебімен ойсырай ұтылды.

Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда келесі кездесуін 5 қарашада Бергамода италиялық «Аталантаға» қарсы өткізеді.

Жалпы кезең аясында «Қайрат» бұдан бөлек нидерландтық «Твенте», румыниялық «Университатя» және швециялық «Мьельбю» клубтарымен де кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасы ХХІ турындағы кейінге қалдырылған кездесуінде алматылық «Қайрат» өз алаңында Астананың «Жеңісін» сүріндірген болатын.