Конференция лигасы: Марин Томасовтың жалғыз голы «Астананы» үшінші кезеңге алып шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Астана» Молдованың «Милсами» командасымен кездесті.

Алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебімен қанағат білдірген еді. Сондықтан бүгінгі ойында екі команда жылдам гол соғуға тырысты.
Елордалық клубтың белсенділігі байқалып тұрды. Оған молдовалық футболшылар лайықты қарсылық көрсетті. «Астана» командасының шабуыл шебінде ойнайтын Марин Томасов, Усман Камара және Макс Эбонг көптеген сәтте мүлт кетіп жатты. Осылайша бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Ойынның 49-минутында елордалық клубтан Марин Томасов мергендік танытып, өз командасын алға шығарды. Бұдан кейін молдовалық командадан Име Ндон дөрекілік танытып, екі сары қағаздан кейін алаңнан қуылды.
Осылайша «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, жарыстың үшінші кезеңіне шықты. Дәл қазір Шымкент қаласында жергілікті «Ордабасы» мен Люксембургтің «Дифферданж-03» командалары ойнап жатыр. Бірінші кезеңнен кейін есеп 1:1. Алғашқы кездесуде «Дифферданж-03» 1:0 есебімен басым түскен еді.
Cондай-ақ қостанайлық «Тобыл» Қазақстан уақытымен 21:00-де өз алаңында Швейцарияның «Санкт-Галлен» клубымен ойнайды.