Конференция лигасы: «Ордабасы» «Дифферданж-03» командасына есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Ордабасы» сырт алаңда Люксембургтің «Дифферданж-03» командасымен кездесті.

Чемпиондар лигасы: «Ордабасы» бүгін «Петрокубпен» қарымта кездесу өткізеді
Фото: Кazfootball.kz

Ойын барысында шымкенттік клуб бірден тізгінді өз қолына алуға тырысқан еді. Оған люксембургтік футболшылар лайықты төтеп бере білді. Есесіне қарымта шабуыл ұйымдастырды. Осындай сәттердің бірінде «Дифферданж-03» сапынан Жоржиньо 37-минутта есеп ашып кетті. Одан кейін шымкенттік клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев футболшылар Сұлтанбек Астанов пен Артем Бесединді Режиналдо мен Дембо Дарбоға ауыстырды. 

Десе де таразы басын теңестіруге мүмкіндік болған жоқ.

Осылайша «Ордабасы» қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді.

Қарымта ойын 1 тамызда Шымкент қаласында өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» Молдованың «Петрокуб» клубына (0:0, 0:1) жол берді.

Енді 25 шілдеде Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» Молдованың «Милсами», Қостанайдың «Тобылы» швейцариялық «Санкт-Галлен» командасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар